Астанадағы аласапыран
25 ноября 2021
Елордалықтардың тең жартысы бүгін жұмысынан кешікті десек, артық айтпаған болар едік. Өйткені бейсенбінің таңы астаналықтар үшін ақ түтек аласапыранмен басталды. Түнімен жауған қардың кесірінен автобустар тұралап, жолаушылар жетер жеріне жаяу-жалпы қатынауға мәжбүр болды. Көлік кептелісі былай тұрсын, әуе рейстері сағаттап кешігуде. Осындай ұрымтал сәтті такси қызметі де пайдалана кетіп, баяғы әуеніне басты. Таяқ тастам жерге мың теңгеден төмен түсірмей, тарифті шарықтатып ала қойды. Қар коллапсына қала әкімідігі дайын болмағаны ма? Шаһардағы шырғалаңға тілшіміз де бой ұрып, арнайы сюжет әзірледі.