ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ САПАРЫН ТАҒЗЫМ ЕТУДЕН БАСТАДЫ
22 августа 2025
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары тарих пен тағзымнан басталды. Президент алдымен «Ата бейіт» ұлттық мемориалдық кешеніне барып, 1916 жылғы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды. Мұнда қырғыз халқының даңқты перзенттері, сталиндік қуғын сүргін құрбандары жерленген.







