Тұрған жеріміз қоқыс полигонына айналып барады. Сасық иіске тұншығып біттік. Тіпті, үйімізді де сата алмай отырмыз! Осылай деп, тілшілерге мұңын шаққан Талдықорған тұрғындары арнамыздан араша сұрады. Бармаған жері, баспаған тауы қалмаған жұрт, құзырлы органдар тарапынан еш әрекет жоқтығын айтады. Оның үстіне жауаптылар тек қаланың орталығын ғана тазалап, шаһардың шеткі аймақтарына назар аудармайды, — дейді.
Қасымыздағы қоқыстың кесірінен үйімізді де сата алмай отырмыз
Дата: 15.09.2020