18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Ата-аналар неге алаңдаулы?

Қарағандылық интернаттардың бірінде жатын орын бір балаға — бір шаршы метрден келеді екен. Яғни, бір бөлмеде 16 оқушы жатуға мәжбүр. Былай айтқанда, сабақ оқып, білім алу түгілі, дем алудың өзі қиын. Жатақхана емес, құдды казарма дерсіз. Пандемия басталғалы қай заман, бірақ ауық-ауық жаңарып отыратын бас санитарлық дәрігердің қаулысындағы талаптардың мұндағыларға еш қатысы жоқ секілді. Дегенмен сүйемдей жерге үйелеген қыздарының денсаулығына алаңдаған бір топ ата-ана бүгін білім мекемесінің алдына жиналды. Олардың айтар уәжін келесі тілші сюжетінен көріп-біле аласыздар.

X