АТА-БАБАСЫНА МҮСІН ОРНАТУ СӘНГЕ АЙНАЛЫП БАРАДЫ
7 октября 2025
Тұлғаларды ұлықтайтын тастұғыр орнату, ұлт мәдениетіне белгі қалдырумен бірдей. Ол елге еңбегі сіңген азаматтарға деген құрметтің нышаны болса керек. Алайда, соңғы жылдары ата-баба, жақындарына мүсін орнату сәнге айналып бара жатқандай әсер қалдырады. Рұқсатсыз салынғаны былай тұрсын, ортақ стандартқа да сай келмей жатады. Ниет жақсы әрине. Бірақ, оны орнату тәртібі еленбей отырған көрінеді.







