10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БҮТІН БІР АУЫЛ 20 ЖЫЛДАН БЕРІ ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫНСЫЗ ӨМІР СҮРУДЕ

Алматы облысында бүтін бір ауыл өркениеттен қол үзген. Арнамызға хабарласып, көмек сұраған тұрғындардың айтуынша, елдімекенде 20 жылдан бері электр жарығы жоқ. Жөні түзу жолға зәру екен. Тіпті, ауылдың атауы да жоқ, дейді ашынған тұрғындар. Сол себепті баспаналарын да заңдастыра алмай отыр. Толығырақ өңірдегі тілшіміз Ербол Ілияс тарқатады.

20 жылдан бері өркениеттен қол үзген елдімекеннің аты да жоқ. Көктал ауылының жанында орналасқан 400-ге жуық шаңырақ электр жарығын тоқырау жылдарында пайдаланған мотордан алады. Қас қарайса, балалар диодты шаммен сабақ оқуға мәжбүр. Алайда, тұрғындардың басты мұңы бұл емес. Барлығының мемлекеттік актісі бола тұра басыбайлы баспаналарын заңдастыра алмай отырмыз, дейді.

БІРЖАН БОЛЫСБЕКОВ, АТЫ ЖОҚ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: «Пенсионер адам қайдан алады, кредиті бар. 160 мың сұрап отыр ЦОН-дағылар. Шешем ызаланып, неге жасап бермейді деп барсам, ЦОН-дағы кісілер 160 мың әкел сенің шешеңнің документін жасап береміз дейді».

Ашуға булыққан жұрт көптен бері әкімдерін көрмегендерін айтады.  Есептік жиында мұндай мәселені көтеру мүмкін емес, сол себепті баспасөз өкілдерін шақырудан басқа амалымыз қалмады деп отыр.

БАҚЫТ НҮРЕЛОВ, КӨКТАЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: «Негізі, заң бойынша суын, светін тартып беру керек. Бірақ кезінде ондай мүмкіндік болмағандықтан, үйлер беріліп кеткен 92-ші жылдан бастап. Көшелердің проектно-сметалық құжаттарын ауданға бердік. Енді биыл беріліп жатса, жасаймыз. Бұған үлкен ақша керек. Бұл жердің суын тартуға, светін тартуға».

ҒАЛЫМҰРАТ ЖҮКЕЛ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: «Аудан әкімдігінің өкілдері бүгінгі таңда облысқа сұраныстарын жасап жатыр. Ол мәселе алдағы мәслихаттың сессиясында қаралатын болады. Және сол шешім қабылданатын болса инженерлік-инфроқұрылымның барлығын тұрғызуға қаржы бөлінетін болады».

Ата-аналар жақын маңдағы мектепке қатынайтын балаларының жағдайына да алаңдайтындарын айтады. Қазір бұл ауылда 200-ге жуық оқушы бар екен. Жаңбыр жауса олар лай-балшықты кешуге мәжбүр. Мұны естіген ауыл әкімі оқушыларға арнайы автобус бөлетінін жеткізді.

X