Атырауда жоғалған 1,5 жастағы сәби табылмай жатыр. Полиция қызметкерлері мен еріктілер екі тәуліктен бері айналаны түгел шолып шықса да, түк нәтиже жоқ. Әли есімді бүлдіршін кеше үйінің ауласында ойнап жүріп, із-түзсіз жоғалып кеткен. Сәбидің аула сыртына шығып бара жатқан сәті көрші үйдің бейнекамерасына түсіп қалыпты. Содан бері хабар-ошар жоқ!
Атырауда 1,5 жасар сәби жоғалды
Дата: 21.05.2020