АТЫРАУДА БАЛЫҚ КӨБЕЙДІ
7 ноября 2025
Атырауға балық қайта оралды. Бір кездері су маржандары тайдай тулап, жағаға шығып жататын Жайықтың соңғы уақытта сыйқы әбден кетіп қалған еді. Биыл табиғат ана ерке өзеннің тынысын қайта ашқандай. Биыл өңірде желбезектілер жылдағыдай емес көп шығып жатыр. Бұған жергілікті жұрт былтыр көктемдегі су тасқыны себеп болуы мүмкін деп толшылайды.







