Атырауда зар жылаған ата — аналар шу шығарды
7 февраля 2022
Балаларымыздың өліміне дәрігерлер кінәлі! Атырау облысында осылай деп зар жылаған ата — аналар шу шығарды. Балалар ауруханасының алдына жиналған жандардың жағдайы жүрек сыздатарлық. Науқас ұл — қыздары емдеу мекемесіне түскенде ақ халаттылар атүсті қарап, ауруларын асқындырып жіберіпті. Мұнайлы өлкедегілер мұңын айтып денсаулық министрлігіне де хат жазыпты. Ал аймақтағы денсаулық сақтау басқармасы мәселені білсе де былқ етпейтін көрінеді. Сюжетте толығырақ!