Ауғанстандық студенттер елдеріне қайтуға қорқып отыр
18 августа 2021
Елімізге білім алуға келген ауғанстандық студенттер оқ пен оттың арасына баруға қауіптенуде. Бірнеше күннен бері ондағы туыстарымен мүлде байланысқа шыға алмай жатқан жастар үкіметтен пана сұрап отыр. «Оқуға жібергенде мүлде басқа Ауғанстан» еді дегендер, билікке келген тәліптердің қатаң режимінен қорқуда. Бірнеше жылдан бері осында білім алып жатқан жастармен тілшіміз сөйлесіп келді.