Ауданда птр зертханасы ашылды

Шығыс Қазақстан облысындағы шалғай ауылда ПТР зертханасы ашылды. Үржарлықтар енді сынама тапсыру үшін 200 шақырым қашықтықтағы ауруханаға сабымайтын болды. Оған қоса аудандық ауруханаға компьютерлік томография орнатылды. Қытаймен шекаралас бұл аймақта қазір шамамен 80 мыңға жуық тұрғын бар. Жаңа орталық күніне 200-ден астам зертханалық талдау жасауға қауқарлы. Сонымен қатар аудан оттегі стансаларымен қамтылды.

X