9:00 Тікелей эфир «ДОБРОЕ УТРО, КАЗАХСТАН!»
11:00 Эфирде әрі қарай «РУССКИЕ ГОРКИ». Семейная сага

Қауіпті бекеттер

Өмірге қауіпті бекеттер. Жамбыл облысының тұрғындары жанар-жағармай құю станциясының салынуына қарсы. Себебі, бензин сататын орын дәл үйлерінің іргесіне тұрғызылғалы жатыр екен. Ал, жуырда ғана Ресейдің Новосібір қаласында жанармай бекетінің жарылғанын естіген бұқараның қарсылығы тіптен күшейіп, құзырлы органдарға талабын жеткізді. Жалпы, еліміз бойынша мұндай нысандар қауіпсіздік талаптарын қаншалықты сақтайды? Бұл жөнінде төтеншеліктер не дейді? Толығырақ Қайыркен Отыншы тарқатады.

X