Қауіпті гүлдер өртелді
13 декабря 2021
Сыйлық сыйлаймын деп қиындық сыйлап жүрмеңіз! Бұл жолы дерт адамзат баласына емес, өсімдіктерге жұқты. Мұхит асып, Колумбия мен Литвадан елге жеткізілген 13 мың гүл аса қауіпті вируспен зақымдалған болып шықты. Енді оларды адамдар секілді екі аптаға карантинге жібермейді әрине, соттың шешімімен өртеу арқылы, тек көзін жояды. Аталған вирустар бұрын-соңды еліміздің аумағында кездеспегені айтылады. Жауапты мамандармен бірге зақымдалған көктің көзін жойып келген тілшіміздің келесі материалында гүлдің қаупіне қатысты кеңірек мәлімет ала аласыздар.