АУЫЛ ОҚУШЫЛАРЫ БАЛАБАҚША ҒИМАРАТЫНДА ОҚЫП ЖҮР
17 марта 2021
Алматы облысының Панфилов ауданында тұтас бір ауылдың балалары балабақша ғимаратында білім алуда. Сүптайдағы ескі оқу ордасы жылу жүйесі дұрыс болмағандықтан, 98-жылдары жабылып, кейін апатты деп танылған екен. Содан бері оқушылар мектепке бейімделген нысанда оқуға мәжбүр. Ал, бүлдіршіндер ауылда балабақша бола тұра, көрші ауылдың бөбекжайына барып жүр. 23 жыл бойы жаңа мектепке қол жеткізе алмай жүрген сүптайлықтардың мұңын тілшіміз тыңдап қайтқан еді.