Түркістан облысындағы ауыл жастары асарлатып жүр. Отырар ауданы, Көксарай ауылының азаматтары осы елді мекендегі жалғыз басты анаға үй салып берген. Баспананы тұрғызып қана қоймай, оның ішін қажетті жабдықтармен де қамтамасыз етіпті. «Көп түкірсе көл»- деген осы болар. Ауыл жастарының бастамасын өзге елдімекендегі қатарластары да іліп әкеткен.
Ауылдастары жалғызбасты анаға үй салып берді
Дата: 16.09.2020