АУЫЛДЫ ҚАЛАМЕН ТЕҢЕСТІРГЕН МЕКТЕП
2 сентября 2025
Қаражотаның балалар жарты ғасырлық ғимаратта оқуға мәжбүр еді. Еңбекшіқазақтағы елу жыл бұрын салынған мектеп әбден тозды. Есік-терезесі алқам-салқам, қыста көмір жағып жылытатын. Енді ол жерді жергілікті билік жақсылап жөндеп, емханаға айналдырмақшы. Ал, балалар қайда барады? Білім алатын ғимаратынан айырылса да, жұрт, керісінше, ұлан-асыр той жасап жатыр. Оған себеп бар.







