10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

АУЫЛДЫҢ СИҚЫ: ЖОЛ МЕН СУ ЖОҚ, ЖАРЫҚ ЖИІ ӨШЕДІ.

Ауылдың сәні кетіп, сыйқымыз қашты. Алматы облысына қарасты Талғар ауданындағы Нұра ауылының тұрғындары он жылдан астам шешімін таппай келе жатқан мәселелерін айтып, шу көтерді. Жылдар бойы тіршілік нәрі мен жарыққа жарымай отырмыз дегендер, жол азабы да жанымызға батады дейді. Ашынған жұрт ауыл округінің әкімін шақырып, тағы да жиын өткізді. Осы уақытқа дейін құрғақ уәдеге тойдықдегендер енді нақты істің қашан болатындығын күтіп жүр.

X