Ауызсудың литрін 10 теңгеден сатып алып отырмыз!
2 августа 2021
Ауыз судан әкім де дәм татсын! Қызылордаға қарасты Сабалақ саяжайының тұрғындары қала басшысына осындай үндеу тастады. Төрт мыңға жуық тұрғыны бар елді мекен 2019 жылы қаланың бас жоспарына енгізілген болатын. Тұрғындар осыдан кейін жағдайымыз жақсарады деп сенген еді. Алайда содан бері 2 жыл өтсе де түйткіл шешілер емес. Әсіресе ауыз судан тарыққан тұрғындармен тілшіміз тілдесіп келді.