2:30 Тікелей эфир «П@УТINA» бағдарламасы
3:15 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Авиация әкімшілігі ПЦР тест тапсырудан бас тартуды ұсынды

Ұшаққа отыру үшін коронавирусқа тест тапсырудың қажеті жоқ. Еліміздің авиациялық әкімшілігі жолаушылар мен экипаж мүшелерінің COVID-19 инфекциясына байланысты ПЦР тексеруден өткендігі туралы құжаты болуы керек деген талапты қайта қарастыруды ұсынды. Оның орнына әуежайға кіреберісте арнайы бекет орнатып, сол жерде-ақ дене қызуын өлшейтін және экспресс-тестілеу құрылғыларын орнатуға болады дейді. Сондай-ақ, жолаушылардың жаппай анкета толтыруы да нақты мағлұмат бермейтін бос әурешілік дегенді алға тартып отыр.

X