6:00 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
8:20 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

АВСТРАЛИЯДА СОҢҒЫ 50 ЖЫЛДА БОЛМАҒАН СУ ТАСҚЫНЫ БОЛДЫ

Елдің есін шығарған апат. Австралияда соңғы 50 жылда болмаған тасқын салдарынан мыңдаған адам үйлерін тастап, босып кетті. Толассыз жауған жауын-шашынның соңы алапат су тасқынына ұласып, жұрттың берекесін алуда. Табиғи апат халық көп шоғырланған Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында болды. Мұнда өзендер арналарынан шығып, мыңдаған үй бүлінген. Тұрғындар жаппай қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Штаттағы талай ірі жолдар жабылды. Жасыл құрлытағылардың көз жасын көл қылған тасқын жайлы тілшіміз тарқатады.

X