Автопарк қызметкерлері екі айдан бері айлық алмаған
29 июля 2021
Автопарк бізді алдап жүр! Семейдегі жолаушы тасымалына жауапты компанияның жұмысшылары бүгін тағы жолға шықпады. Мекемеде еңбек етіп жүрген 400-ге жуық қызметкер екі айдан бері жалақы алмағандарын айтады. Қаржыдан тарыққан жұрт несиені айтпағанда, ішерге тамақ таппай отырмыз деп налыды. Мәселенің мән-жайын тілшіміз сабақтайды.