Автотұрақ заңсыз жұмыс істеген

Ақтөбеде вокзалдың автотұрағын басқаруға алып, ақша жинап келген кәсіпкердің әрекеті заңсыз болып шықты. Бизнесменнің «барлық жағдайды жасаймын» дегені құр уәде болып қалғаны былай тұрсын, тіпті мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жөніндегі әкімдікпен жасаған келісім-шарты да дұрыс емес екен. Былықтың бәрі прокурорлардың тексерісі кезінде әшкере болған. Енді кәсіпкерге қандай шара қолданады? Майшелпекке айналған нысан енді кімнің қолына өтпекі?

X