6:00 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
8:20 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Аяғы ауыр әйел қару тонаған

Алматыда аяғы ауыр әйел қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан. Жетінші баласына жүкті келіншек күйеуіне мылтық, тапанша және оқ-дәрілерді ұрлауға көмектескен. Ерлі-зайыптылардың іс-әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Мына видеода дүкеннен жәшіктерді алып-шығып жатқаны анық көрінеді. Олардың үйін тінту кезінде тоғыз «Сайга» ұңғысы, екі мылтық, винтовка, тапанша, оқ-дәрілер, резіңке тоқпақ, яғни дубинка, ағаш биталар, сапер күрегі мен радиостанциялар табылды. 1996 жылы туған жігіт ұрланған қару-жарақты үйінің ауласына көміп, жасырған. Сондай-ақ, күдіктінің мінген көлігі де анықталды. Қылмыс жасау кезінде қасында болған әйелі тоналған заттар салынған жәшіктерді машинаға тиеуге белсене көмектескен. Заттай айғақтар тәркіленді. Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

X