Аягөзде апокалипсис. Кеше кешкі алты жарымдар шамасында шығыстықтардың шырқы бұзылды. Құм-топырақты көтерген құйын қаланы бір айналып өтіп, жолындағысын жапырып кеткен. Жылдамдығы секундына 28 метрге жеткен дауылдың екпінінен ондаған ғимарат қирап, мыңдаған үй жарықсыз қалды. Желден жеті адам зардап шекті. Біреуі стационарда жатыр. Облыс әкімі Даниал Ахметов ауданда төтенше жағдай жариялады.
Аягөздегі дауыл салдарынан 7 адам жарақат алды
Дата: 17.06.2020







