«ҚАЙРАТ»-«РЕАЛ» ОЙЫНЫНА КІРЕ АЛМАҒАНДАРДЫҢ БИЛЕТІ ҚАЙТА МА?
16 октября 2025
Алматылық «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындаға ойын басқа-басқа, билет алып, ойынға кіре алмай қалған жанкүйерлердің есінде біраз қалатын түрі бар. Қалтасындағы барын жұмсап, аяқдоп аламанын стадионнан алаңсыз көрем дегендер алданып қалғанын әлі айтып жүр. Әлекке түскендерін әлемжеліде жазғандардың ақшасы қайтпайтын да сияқты.







