ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТАН ДӘМЕЛІЛЕР ТІРКЕЛЕ АЛМАЙ ДАЛ БОЛДЫ

Кәсіпкерлер палатасы қолдаудың орнына, қорлық көрсетті. Таразда бизнеспен айналысқысы келген тұрғындар осылай деп шу шығарды. Олар мемлекет тарапынан 583 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алып, жеке істерін бастауға ниетті болған. Ол үшін жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, кәсіпкерлер палатасы арқылы оқыту курсынан өтулері тиіс екен. Сол оқуға тіркеу онлайн режимде бүгін басталды. Алайда, тұрғындардың тіркелеміз деген әрекетінен еш нәтиже шықпаған. Соның себебін білгісі келген бұқара жергілікті «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына басып кірді.

X