Айына бір судья парақорлық күдікпен ұсталады. Биылғы жылдың нәтижесі осы. Бұл жайлы Жемқорлыққа қарсы агенттік хабарлады. Құлқынның қамын күйіттеген судьялардың біразы бүгінде ресми түрде қылмыскер деп танылған. Орташа есеппен бір судья күніне 10 шешім шығарады. «Парамен ұсталғаны оның барлығына әділ қарады ма?» деген сұрақ туындайды. Тілшіміз Олжас Сайлаубекұлы бұл сауалға жауап іздеп, министр депутаттарды әңгімеге тартқан еді.
Айына бір судья парақорлық күдігімен ұсталады
Дата: 26.12.2019







