0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Қайырымды күзетшілер жетім жігітке үй алып берді

Жомарттық деп осыны айт. Ақтөбелік жігіттер өздеріне жетпей жатса да, мұқтаж әріптесіне үй алып берді. Қайырымды азаматтар ел танитын бай да емес, би де емес, қазіргінің меценаты да емес. Қарапайым күзетшілер. Иә, жалақыдан жалақыға жармасып жүрсе де, бірнеше жылдан бері әрқайсысы айына 500 теңгеден бөлек алып қоя беріпті. Баспананың бағасы жиналғанда жетім жігітке жәрдем болды. Көп түкірсе көл деген осы. Бірнеше қабатты үйде бір өзі тұратын, он-ондап көлік алатын, шалқып басып, шалқайып жүретіндерге үлгі болатын игілік екен.

X