Қайырымдылық қоры: соңғы бір жылда көмек сұрайтындар он есе көбейді
16 февраля 2021
Тұрмысы төмендеген азаматтардың саны артты. Бүгінде қайырымдылық қорына көмек сұрап келетіндер көбейген. Бұған дейін тек мүгедек, аз қамтылған отбасыларды азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз етіп отырған қор, енді тұрақты табысы барларды да қамқорлыққа алуда. Мекеме қызметкерлері қазір балалар киіміне, аяқ-киімге сұраныс артқанын айтады.