Азғын бүкіл ауылды дүрліктірді
17 мая 2023
Алматы облысында сұмдық жағдай! Аядай ауылда ер адам 8 жастағы қызға бір жылдан бері білгенін істеп келген. Айтуға ауыз бармайды, туған қызының құрбысына азғындық жасап, қорқытып та жүрген. 44 жастағы күдіктінің әрекеті әшкере болғанда ауыл жұрты өре түрегеліп, оның елдімекеннен көшуін талап етіпті. Ұл-қызы үшін қорыққан қарашаның арызынан кейін ер адам қамауға алынған.