6:00 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
8:20 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Қазақ спортын жемқорлық жайлаған ба?

Қазақ елі өз тарихында тұңғыш рет Олимпиададан алтынсыз қайтты. Бес құрлықтық байрақты бәсекесіне үкілеп қосқан 97 спортшымыздың тек сегізі жүлдеге ілікті. Төртжылдықтың басты аламанындағы сәтсіздіктерді жанкүйер қауым зор күйінішпен қабылдағаны рас. Мұндай төмен нәтиже спорттағы жемқорлық пен тамыр-таныстықтың кесірі дегендер де табылып жатыр, әділетсіздік пен басқа да себептер деп жұрт пікірі екіге жарылып жатыр. Бап келмей, бақ жанбай сүрінді ме, әлде қазақ спорты бармақ басты көз қысты әрекеттердің құрбаны ма? Жүйелі проблема жүйесін, жүйесіз мәселе иесін табатын сәт қазір. Тақырыпты Айғаным Достанбай сабақтасын.

X