«Қазақстан авторлар қоғамынан» тағы да шу шықты. Оған жылдар бойы мүше болып келген ақын-жазушы, композиторлар ұйымның басшысына көңілдері толмауда. Біраз мүшелері кезектен тыс жиын өткізіп, төрағаның есеп беруін талап етсе, қазіргі таңда оны басқарып отырғандар рейдерлік жолмен қызметізді тартып алайын деп жатыр деп дабыл қағуда. Кімдікі дұрыс, ал кімдікі бұрыс? Тақырыпты даудың байыбына баруға тырысқан тілшіміз тарқатады.
«Маған мынандай әңгіме айтты. Біз 27 күні жиналыс өткіземіз, соған келіңіз де мына төрағалықтан өз еркіңізбен бас тартыңыз».
«Қазақстан авторлары қоғамын» 20 жылдан аса басқарып келе жатқан жазушы Марал Ысқақбайға қоғамға мүше біраз адам осындай талап қойыпты. Оның арасында 5 жыл осы қоғамда Бас директор қызметін атқарған Байғали Есенәлиев те бар көрінеді. Алайда, төраға Есенәлиевтің өзі міндетін дұрыс атқара алмағанын айтады. Қаржыны көп төлейтін 28 телеарна өзге ұйымдарға кетіп қалғандықтан, 200 миллион теңге ұйымға түспей қалған. Ол аздай жұмысшыларды қысқартып, ақысыз демалысқа жіберіпті. Осыдан кейін жұмыстан қуылған көрінеді.
МАРАЛ ЫСҚАҚБАЙ, «ҚАЗАҚСТАН АВТОРЛАРЫ ҚОҒАМЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Рейдерствомен айналысқысы келіп отыр. Ай-шай жоқ, сырттан келіп, мына жерде отырған қоғамдық ұйымның бүкіл міндетін мойнымызға аламыз, сендерді айдап шығамыз деген сөз. Ал ол үшін соттың шешімі керек».
Алайда авторлар қоғамының басшысының бұл уәжімен Байғали Есенәлиев келіспейді. Керісінше, ұйымның шатқалақтап тұрғаны жұмысын жөнге келтіріп, авторлардың қаламақы көлемін бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жеткізгенін айтады. Ол туралы ұйымның құрылтайында төрағаның өзі мақтанышпен жеткізіпті.
БАЙҒАЛИ ЕСЕНӘЛИЕВ, КОМПОЗИТОР: «2013 жылы сыйақы мөлшері 473 миллионға дейін төмендеп кетсе, ол кісінің басқарған уақытында. Оны соңғы 2017 жылы 588 миллионға дейін көтере алдық. Осы бес жыл аралығында 2 миллиард 713 миллиондай теңге жиналыпты. Бұл алдыңғы үш, бес жылдықпен салыстырғанда рекордтық көрсеткіш дейді».
Шағымданушы тарап Марал Ысқақбай қоғамды тусытарының да ордасына айналдырғанын айтады. Тіпті, осындағы жұмысқа қыздарын орналастырған екен.
«Туысқаным істейді. Қызым істейді. Бір қоғамда енді үш қызы жұмыс істейді ғой, Марал ағадан басқа».
«Қазақстан композиторлары одағының» төрайымы Балнұр Қыдырбек авторлар қоғамына 40 жылдан астам уақыттан бері мүше екен. Сол уақыттан бері мардымды қаламақы алмағананын айтады. Өңірлердегі композиторлар да наразылық білдірген. Сондықтан авторлардың басын қосып, ұйым төрағасынан есеп беруді талап етпек. Мақсатымыз орнынан алу емес, шындыққа жету дейді наразы топ.
БАЛНҰР ҚЫДЫРБЕК, «ҚАЗАҚСТАН КОМПОЗИТОРЛАРЫ ОДАҒЫНЫҢ» ТӨРАЙЫМЫ: «Неге соншама елменен кездесуге қашқақтайды. Неге соншама жармасып, тырмысып, ештеңеге жібергісі келмейді. Ешкімге ештемені білдіргісі келмейді. Оның барлығы неше түрлі ой туығызады. Ең бірінші ой: авторлардың ала алмай жатқан төлемақыларының барлығы басқа бір жақа кетіп жатқаны».
Жалпы қоғамның жарғысы бойынша түскен қаржының 30 пайызы ұйымға тиесілі екен. Қалаған ақшаның кімге қалай бөлініп жатқаны авторлар үшін жұмбақ көрінеді. Сондықтан әр өңірден келген делегаттар кезектен тыс жиын өткізіп, барлығы бірауыздан Балнұр Қыдырбекті Қазақ авторлар қоғамының жаңа төрайымы етіп сайлаған. Жаңа басшы құзырлы органдардың тексеруінен кейін қызметіне кіріспек.