Жақында ғана атауын өзгерткен экс-коммунисттер партиясы Мәжіліс сайлауына қатысатын адамдар тізімін бекітті. Оның құрамына 125 партия мүшесі енген. Саяси ұйымдағылар егер Парламентке өтсек, жастар мен зейнеткерлер мәселесін, халықтың әлеуметтік жағдайын көтереміз дейді. Дегенмен, Парламенттегі орынға таласатын партияның ішінде кейбір мүшелер арасында түсініспеушілік те бар көрінеді. Оған не себеп? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Жиырма күн бұрын атауынан «коммунистер» сөзін алып тастап, Қазақстан халық партиясы атанған ұйым кезектен тыс съезд өткізді. Есеп бойынша 16-шы құрылтайда партия өз жоспарын жариялады. Онда олар жастар мен зейнеткерлер, олардың әлеуметтік жағдайын қамтыған.
ИРИНА СМИРНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
«Әрбір жанұя 20 сотық жер алады. Мемлекет осы учаскелерге барлық инфрақұрылымдық желіні тартады. Елде зейнетақы қорының жұмысы ашық емес. Адамдардың жиған-тергені аз. Осыны реттеу керек. Зейнет жасын да 60-қа дейін азайту керек».
Партиядағылар сондай-ақ, елдегі білім мен медицинаны тегін еткісі келеді. Әсіресе, Медициналық әлеуметтік сақтандыру қорынан бас тартуды қолдайды. Өйткені, саяси ұйымдағылар үкімет сырқатқа шалдыққан әрбір қазақстандықты өз есебінен емдеу керек деген ойда. Партиядан алдағы парламенттік сайлауға 125 адам іріктелген. Оның 36,6 пайызын жастар мен әйелдер құрайды. Тізімге қазіргі депутаттар Владислав Косарев, Тұрғын Сыздықов, Галина Баймаханова кірмеген. Айтпақшы, жақында Владислав Косарев ребрендингке қарсы болып, өзі жаңа партия құратынын мәлімдеген еді.
ЖАМБЫЛ АХМЕТБЕКОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ
«Ол кісі эмоциялы түрде сөз сөйлеп, «мен коммунистер партиясының атын алып тастағанға қарсымын», бұл біздің идеядан ауытқы деп санаған. Ол дұрым емес. Сондықтан біз Косаревпен сөйлестік. Бірақ ол кісі өмір бойы коммунист деген қалған ғой. Сондықтан түсініспеушілік болды деп айта алмаймын. Ол кісі қазір түсініп келе жатыр».
Бірақ, партия хатшысының айтқанындай мәжілістегі ең жасы үлкен депуттардың тізімін бастап тұрған Владислав Косарев өз райынан қайтпақ емес. Өйткені көптеген әріптестері Қазақстан Халық партиясы деген атауға қарсы болыпты. Сондай-ақ ол мұндай өзгеріс кезең-кезеңмен жасалуы керек, дейді.
ВЛАДИСЛАВ КОСАРЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
«Орталық комитет күтпеген шешім шығарды. Ребрендинг жасау деген ұзақ уақыт пен жұмыстарды талап етеді. Бұлай сайлау алдында тез атауын мен бағытын өзгертуге болмайды. Коммунистер қатарында болғандардың біршамасы бастамаға қарсы болды».
Ал, 125 адамның қатарынан табылмағанына депутат Косарев еш өкінбейді. Өйткені өзі де келесі шақырылымға барғысы келмей, жұмыстан шаршаған.
«Нет, не хотел и не собирался. Мне уже годы не позволяют. Честно говоря, и устаю на такой работе. Это жне просто так».
Парламент Мәжілісіне сайлауына бұған дейін «Nur Otan», «Адал», «Ақ жол», «Ауыл» партиялары үміткерлер тізімін бекіткен еді. Төменгі палатаға іріктеу 10-шы қаңтарға жоспарланған.