ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ТҰРПАТТЫ ЕЛ БОЛДЫ
24 октября 2025
Қазақстан егемендігі нығайтып, жаңа белестерге беттеген сайын, елдің даму бағдары да айқындала түсті. Нақты реформалар жемісін беріп жатыр. Соңғы алты жылда экономика ілгерілеп, инфрақұрылым жаңарды. Кәсіпкерлікті қолдау кеңейді. Ұлт саулығы мен білім саласына бағытталған инвестициялар еселенді. Республика күнінде өткен салтанатты жиында Мемлекет басшысы ел болып еңсерген осы жетістіктер, алда тұрған еңселі міндеттерге тоқталды.







