Қазақстандықтар неге ұялы байланыссыз қалды?

Байланыс аясынан тыс жерде! Бүгін таңнан бастап еліміздегі бірқатар ұялы операторлар абоненттерінің нөмірін бұғаттады. Бұл әрекетке ашуланған жүздеген тұрғын оператор кеңсесінде шу шығарған. Аталған мәселеге жауап берген телекоммуникация комитеті өкілдерінің сөзінше елімізде күмән тудыратын, еш жерде тіркелмеген 2 млн-нан астам нөмір бар екен. Соған байланысты тазарту жұмыстарын жүргізіп жатқан көрінеді. Бар қиындық осында дейді.

X