Азаматы жақсы ауыл азбайды
11 марта 2022
Азаматы жақсы ауыл азбайды. Ақмола облысының Обалы елдімекенінің тұрғындары осы ойды іспен қуаттап жүр. Жергілікті халық қол қусырып отырмай, өз күштерімен туған жерін көркейтіп, көшіп келген көпбалалы отбасыға тегін баспана сыйлады. Обалылықтар бұдан былай да қоныс аударам дегендерге құшақ жайып, «Жаңа Қазақстан» құру жолында жалпақ жұрттың жұмыла алатынын көрсетпек. Ал, ауылға көшіп келген жанұяның қуанышы тілші материалында.