Алматыда ала жаздай шаң жұтып, аллергиядан мезі болған жұрт үйлерінің маңынан қазылған қазаншұңқырға наразы. Әуел баста қашықта тұрған қазба жұмыстары, енді үйлерінің жанына таяп қалыпты. Құлақ асар ешкім болмады дегендер, енді терең шұңқырға өздері де құлап кетеміз бе қауіптенуде. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
80 метр тереңдікте дейді. Ал, енді ертең Алматының жағдайын жақсы білесіздер бір жаңбыр жауса енді өзеннің аузын ашқандай жауатыны. Менің үйім қыр шетінде тұр. Құдай сақтасын, ертең мені бала-шағаммен әкеп, әншейін топ еткізіп көме салуы да мүмкін.
Бұл Наурызбай ауданындағы «Абай» саяжайы тұрғындарының назы. Екі жыл бұрын басталған карьер енді біртіндеп үйлерінің ауласына дейін жете бастапты. Ала жаздай шаң жұтып, кір жаюдан қалдық дегендер, енді түрлі аурулардың да пайда болғанын айтып отыр. Талай мәрте мәселені көтеріп атқамінерлердің табалдырығын тоздырсақ та, нәтиже жоқ, дейді.
Демалу мүмкін емес. Балалардың денсаулығына қарайтын ешкім жоқ. Мына қалалық әкімшілік қайда қарап отыр мен білмеймін. 00:34 2018-де кішкене алысырақ еді. Мына «Алма ситидің» бәрі карьерден алынған материалмен жұмыс жасады. Ол жақындай-жақындай келе мінекей қазіргі таңда бес карьер қазылып отыр.
Мынау саяжай мен көп қабатты тұрғын үйдің арасындағы карьер. Ойын баласы ауыр техниканы қызықтау үшін осында жиі келеді екен. Енді абайсызда қайғылы жағдайға тап болмасақ деп алаңдауда жұрт. Ал, экологтар заңнамаға сәйкес қазаншұңқыр мен тұрғын үй арасындағы қашықтық мың метр болуы керек, дейді. Ал, мұнда небәрі он бес метрдің айналасында ғана қалыпты.
ДІНМҰХАМЕД ЛЕСБЕКОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ИНСПЕКТОРЫ:
«Шынында сол аймақта экологиялық талаптардың сақталмайтыны ,шаң атмосфералық ауаға көтеріліп, және тұрғындардың үйіне түсіп жатқандығы және кейбір тұрғындардың бойында аллергиялық ауру белгілерінің анықталғаны байқалды. Тұрғындардығ айтуынша осы жылдың басынан бері Қазақстрой жауапкершілігі шектеулі компаниясы осы аймақта қазу жұмыстарын жүргізуде».
Қазіргі уақытта мұнда 2,5-3 гектар аумақта қазу жұмыстарын жүргізілгендігін айтқан эколог енді табиғатқа келтірілген зиян мөлшерін анықтап, заң шеңберінде шара қолданылатындығын жеткізді. Ал, әкімдік өкілдері карьер қазуға ешқандай рұқсаттың берілмегенін алға тартты.
ЖАНДОС ТӘКІБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ НАУРЫЗБАЙ АУДАНДЫҚ КӨРІКТЕНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Разрешение на разработку котлована АУДАРМА Қазаншұңқырды игеруге жергілікті атқарушы орган аудандық әкімдік атынан рұқсат берген жоқ. Қазіргі уақытта құрылыс компаниясына ескерттік. Енді 10 желтоқсанға дейін инертті материалдар арқылы шұңқырды толық көмуі тиіс.
Саяжай аумағында жүз елуге тарта отбасы тұрады. Арлы-берлі сабылып жүрген ауыр техниканы күнде көрген тұрғындар алда қыс келе жатқанын айтып, тезірек көмілсе деген ойда. Өйткені, қазірдің өзінде баспаналарына зақым келіп жатқан көрінеді.