Ажырасу алаңдатып тұр
25 октября 2021
Үйлену — оңай, үй болу — қиын. Елімізде некесін қиған жұптардың 40 пайызы ажырасып тынады, ал күн сайын 167 отбасы бұзылады. Көш басында Алматы қаласы тұр. Жалпы, соңғы жылдары ерлі-зайыптылардың арасында белең алған ерсі үрдіске тыйымның болмауы депутаттарды да алаңдатып отыр. Мәжілісмен Дархан Мыңбайдың пайымынша, жас отаудың ойраны шықпас үшін мектептер мен жоғары оқу орындары қабырғасында арнайы пән енгізу қажет. Ал қоғам белсендісі, әуелі келін емес, енелерді де тәрбиелеген дұрыс дейді. Оның себебін тілшіміз түсіндіреді.