Келер жылы әлем бойынша 270 млн адам аштықтан қырылуы мүмкін. Мұндай қорқынышты мәліметті БҰҰ жанындағы дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры Дэвид Бисли айтты. Оның сөзінше, қазірдің өзінде пандемияның кесірінен әлемнің кедей елдерінде тамақ тапшылығы туындап жатыр екен. Ал, ұйымның барлығына бірдей гуманитарлық көмек жіберуіне мүмкіндік жоқ. Бұған дейін, Дэвид Бисли COVID-19-дан келген аштықтың алдын алу үшін 6,8 млрд доллар қажет деген болжам айтқан еді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
ДЭВИД БИСЛИ, БҰҰ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
«Келер жылы біз барлығына бірдей қаржы бөле алмаймыз. Сол себепті, бірінші кезекте көмек қажет елдерді нақтылауға тиіспіз. Пандемияға байланысты қиындықтар туындайды. Ол айдан анық. Сол үшін бай елдерді коронавирустық вакциналар үшін күресте кедейлерді басып озбауға шақырамын».