Бүлік кезінде бүлінген ғимараттардың бүгінгі көрінісі
28 января 2022
Алматыдағы бүлік кезінде бүлінген қалалық әкімдік ғимаратына қатысты сәулетшілердің ойы сан — саққа жүгіруде. Архитекторлардың бірі нысанның бұрынғы бейнесін бірде бір өзгертусіз қалпына келтіру керек десе, енді бірі Кеңес дәуірінде келмеске кеткен тәсілден алшақтап, жаңа технологияларды қолдану дұрыс дейді. Кезінде Маңғыстаудан алынған мәрмәрді енді Ресей мен Түркиядан тасымалданатын қымбат тастар ауыстыруы мүмкін. Бір арнаға тоғыспаған мамандардың бірауыздан қабылдаған шешімі қандай болмақ? Саяси орданың сыртқы келбеті адам танымастай өзгере ме? Әріптесім тарқатсын! Алматы әкімдігінің қасбетін түгелдей бұзып, қайта қалпына келтіру керек. Зерттеу жүргізген мамандар осындай тоқтамға келіп отыр. Өйткені қатты зақымданған ғимараттағы мәр-мәр тастардың ара қабырғадан ажыраған көрінеді. Алайда кеңес заманында салынғандықтан оны бұзу оңайға соқпауда.