Бала қаққан жүргізуші бостандықта жүр

Алматы облысында бағдаршамның жасыл түсіне өтпек болған 14 жастағы жеткіншекті жүк көлігі қағып, мерт қылды. Темір тұлпардың тізгініндегі адам оқиға орнынан табанын жылтыратып тұрғысы келген екен. Марқұм жеткіншектің жақындары бой тасалап қашқан жүргізушінің сол кезде удай мас болғанын, бұрын полицияда жұмыс істегенін алға тартуда. Адамды мерт қылса да әлі күнге дейін күдіктінің бостандықта жүруін олар осымен байланыстырып, іштей қатты күйінеді. Сол себепті қаралы отбасы әділдік іздеп, «Еуразия» бірінші арнасынан көмек сұрады. Жолдағы қайғылы жағдайдың мән-жайын тілшіміз ары қарай ашып тарқатады.

X