БАЛА САТЫП ЖАТЫР: 500 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БАСТАЛАДЫ
20 апреля 2021
Бала керек пе? Қара нарықтан қараңыз. Бұл – жарнама емес, қазіргі бала асыраудың сіз бен біз білмейтін құпиясы. Нәрестелердің бағасы 500 мың теңгеден басталады. Оны рассрочкаға, яғни бөліп төлеумен алуға болады. Бір сәбиге зар болып отырғандар балалар үйіне барса, құндақтағы шақалақ жоқ дейді. Болған күннің өзінде оның аға-әпкесі бар. Ал заң бойынша бауырларды бөлуге болмайды. Сөйтіп, үйі қу мазарға айналған ағайын бала базарға баруға мәжбүр. Ал, басына іс түскен аналарға біз қамқоршы деп білетін дағдарыс орталығы баласынан бас тартуға үгіттеп, бала саудасында делдал болып жүр дейді.