Балабақша басшыларының базынасы

Түркістан облысында 1000-нан астам жекеменшік балабақша жабылудың алдында тұр. Себебі, мемлекеттен бала басына берілетін субсиядия олардың шығынын жаппайды. Бәрінен бұрын, нақ Түркістан облысына келгенде тарығып қалатын субсидия көлемі көптің көңілін күпті етеді. Мәселен, қаржыландыру өзге өңірдегі қалаларда 37 мың теңге болса, ал ауылдық жерлерде 41 мың теңгені құраса, күнгейгейге келгенде оның көлемі күрт кішірейіп, бар-жоғы 25 мың теңгені құрайды. Осындай жағдайларын айта-айта шенеуніктерге жақпай қалған балабақша өкілдері бүгін тағы облыстық әкімдіктің алдына жиналды. Өздерін «тоқалдан тудық па» дегендермен тілшіміз Ғалымжан Кенжебек тілдесіп қайтты.

X