2:30 Тікелей эфир «П@УТINA» бағдарламасы
3:15 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫС АЗАЙҒАН

Қазақстанда балаларға қатысты ауыр қылмыстар саны азайған. Анығын айтсақ, биыл Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша кәмелетке толмағандардың жыныстық шекарасын бұзу 18%-ға төмендепті. Ал өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген педофилия фактілері 24%-ға кеміген. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді. Омбудсмен Президент пәрменімен арнайы заң қабылданып, түрлі бағдарлама енгізілгенін, қажетті қолдау орталықтары ашылғанын атап өтті. Соның ішінде мемлекеттік байланыс мекемесі іске қосылып, мектептерде QR 111 жүйесі арқылы оқушылармен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік туған.

X