20:00 Тікелей эфир «АНАЛИТИКА»
20:45 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «РЕЦЕПТ ЛЮБВИ»

Балалар үйінің басшысы жетімдердің ақшасын жымқырған

Жетімдердің ақшасын жымқырып, олардың ас-суын үйіне тасыған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Өскемендегі мамандандырылған балалар үйінде тағы да дау. Арнайы орталықтың бұрынғы басшысы миллиондарды жымқырып, науқас ұл-қыздардың күтіміне арналған тауарларды заңсыз иемденген болып шықты. Бұдан тура бір жыл бұрын дәл осы орталықтың бас есепшісі ақша жымқырды деген күдікке ілінген еді. Істі тексерген полицейлер бұл былыққа бухгалтердің ғана емес, экс-директордың да қатысы  барын анықтаған. Қазір лауазымды қызметте болған әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған.

X