Балық аулауға кеткен төрт жігіттің екеуі өлі табылды. Бес күні бойы із-түссіз жоғалған азаматтарды іздеуге шыққан құтқарушылар көл жағасынан 1 шақырым жерден төңкерілген қайықты тапқан. Белгілі болғандай, елордалық төрт тұрғын Баршын көліне қармақ салуға барған екен. Олардың біреуі жағада қалып, қалғаны қайықпен кеткен. Жолдастарының ұзаққа жоғалғанына алаңдаған жігіт шұғыл полицейлерге хабарласқан. Балықшыларды іздеуге көкшетаулық сүңгуірлер жұмылдырылыпты.
Балыққа кеткен төрт жігіттің екеуі өлі табылды
Дата: 29.10.2020