9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Балық аулауға шыққан 4 адам көлігімен мұз астына түсіп кетті

Балық аулауға шыққан 4 адам көлігімен бірге мұз астына кетті. Қайғылы оқиға  Қызылорда облысындағы Арал ауданына қарасты ҚамЫстЫбас ауылынан 35 шақырым жердегі Қамбаш көлінде болған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Мына машинаның батқан жері қалың мұзбен қатып қалған. Соны қазір ойып, мұзын алып жатырмыз. Күн аяз. 23-24 градус».

УАЗ көлігінің ішінде балық аулауға шыққан 7 адам болыпты. Мұз жарылған сәтте салонда отырған үшеуі өз күштерімен машинадан шығып үлгерсе, қалған төртеуі іште қалып қойған. Мамандар суға батып кеткендерді құтқаруға тырысыпты. Бірақ қараңғы түскеннен кейін сүңгірулер іздеу жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болған. Бүгін таңертең 7 метр тереңдіктен суға батқан көлік пен төрт кісінің мәйіті табылды. 26, 35, 39 және 47 жастағы марқұмдар жергілікті тұрғындар болып шықты.

САИД МОЛДАҚАРАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «08 сағат 50 минутта бірінші мәйітті судан алып шықтық. 9 сағат 05 минутта сол төртеуінде мұздың бетіне алып шығып, полиция департаментінің қызметкерлеріне ұсынды.»

X