Банк пен тұрғын арасындағы дау
8 февраля 2022
Банк жабылса да бітпеген дау. 2018 жылы лицензиясынан айырылған «Казинвестбанктың» тарату комиссиясы жұмысын тоқтатуға ниетті емес. Олар бұған дейін қаржы институтының балансында болған деген желеумен пәтерлер мен ғимараттарды даулап, азаматтарға қырғидай тиюде. Осындай мәселемен елордалық тұрғын бетпе-бет келіпті. Міне, 2 жылдан бері банк өкілдерімен соттасып жүр екен. Бұған әлдеқашан екінші деңгейлі банктердің тізімінен сызылып, халықтың жадынан өшіп кеткен қаржы институтының не қатысы бар? Толығырақ Қайыркен Отыншы сабақтайды.