9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Бас прокурор сұрақтарға жауап берді

Алдағы дүйсенбі, яғни 14 наурыз күні, Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов қаңтар оқиғасын тергеуге қатысты көкейде жүрген сұрақтарға жауап береді. Бүгін мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен бюро отырысында 14 наурызда өтетін жиынның күн тәртібі нақтыланды. Соған орай бас прокурор депутаттар тобының сауалына жауап береді. Айта кетейін, бұған дейін Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан қаңтар қасіретіне қатысты сауал жолдаған еді.

X