6:00 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
8:20 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Байқоңырда жеті жастағы екі бала жоғалып, бірінің денесі өзеннен табылды

Байқоңырда жеті жастағы екі бала жоғалып, олардың бірі өлі табылды. Екінші сыныптың оқушылары өткен демалыс күндері таңғы 10:30-дар шамасында бассейндегі жаттығудан кейін ізім-қайым жоқ болған. Хабар-ошарсыз кеткен жеткіншектерді Төтенше жағдайлар департаменті құтқару жасағының 10 құтқарушысы, Байқоңыр кешеніндегі Қазақстан мен Ресей Ішкі істер минстрліктерінің қызметкерлері, волонтерлар іздестіруге кіріскен болатын. Сырдария өзенін әуеден қарау нәтижесінде түскі 12 шамасында оқиға орынан 2 шақырым төмен қарай су бетінен адам денесі табылды.

Жағаға шығарылғаннан кейін марқұмның жоғалған оқушылардың бірі екені анықталған. Сот-медициналық талдама жүргізген мамандар баланың механикалық асфиксиядан, яғни суға тұншығып көз жұмғанын айтады. Ал, екінші баланың тағдыры әлі де белгісіз.

X